Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсанындағы XXV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы "Қарқаралы" № 7-8 (11234) газетінде, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күні;
2) 6 шілде – Астана күні;
3) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
4) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Мубараков |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |