Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 22.12.2023 № 12/74 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы ХХХIV сессиясының № 34/238 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2690 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдедегі № 30/363 "Приозерский вестник" газетінде, 2014 жылғы 29 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2.тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"9) уәкiлеттi ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";
25 тармақ алынып тасталынсын;
Қағиданың 25-2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 385 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13773 болып тіркелген).".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Дюсембаев |
Мәслихат хатшысы | Б. Сәрсембеков |