"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық | Қызылорда облыстық |
мәслихатының | мәслихатының |
3 сессиясының төрағасы | хатшысы |
Р. Ысқақова | Н. Байқадамов |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы № 25 шешіміне қосымша |
Әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 01.06.2018 № 205 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Қатынастар |
1 | Қызылорда – Бесарық (Жаңақорған ауданы) |