Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 17.03.2021 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шиелі ауданында орналасқан "Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені" тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы "19" мамырдағы № 26 шешіміне қосымша |
Шиелі ауданында орналасқан "Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені" тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасы
№ | Тарихи және мәдени ескерткіштің атауы, мерзімі | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері | Қорғау аймағының көлемі | Құрылыс салуды реттеу аймағының көлемі | Қорғалатын табиғи ландшафт аймағының көлемі |
1 |
Сауысқандық шатқалының аумағында орналасқан ескерткіштер тобы: |
археология | Шиелі ауданы, Еңбекші ауылынан солтүстікке қарай 50 шақырымда (Қаратау жотасындағы Сауысқандық шатқалы) | 85,7 гектар | 130,1 гектар | 122,8 гектар |