1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "13" шілде № 531 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы
№ | Елді мекеннің атауы | Жылу энергиясының тұтыну нормалары | Өлшем бірлігі | Мәні |
1. | Қызылорда қаласы | Жылыту маусымында көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің нормасы | Гигакалорий | 0,0288 |