"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4773 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5292 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы №03-04, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы №1-2, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағы алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылордақаласының әкімі | Н. Нәлібаев |