"Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға жұмыс орындары санының екі пайызы мөлшерінде:
1) мүгедектер үшін;
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | А. МҰХИМОВ |