"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 41-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 наурызда "Толқын" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Ж. Әлішеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Арал ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р. Өтешов |
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "28" қарашадағы № 254-қ қаулысына қосымша |
|
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "29" ақпандағы № 41-қ қаулысына қосымша |
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы | ||
Балабақшалар | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар |
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері | |||
1 | Арал ауданы | 1908 | 26295 | 19929 | 12726 | 21210 |