1. 2016 жылға жұмыс орындары санының бес пайызы мөлшерінде:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
3) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Ж. Мұратбаев |