Көшені қайта атау туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 49 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 наурызда № 5416 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазалы ауданының Әйтеке би кентінің "Октябрь" тұйығы "Ағжап Өтемұратов" есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары К.Иманбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      ӘКІМ С. АМАНОВ

О переименовании улицы

Решение акима поселка Айтеке би Казалинского района Кызылординской области от 19 февраля 2016 года № 49. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 17 марта 2016 года № 5416

      В соответствии с Закономи Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве в Республике Казахстан", заключением Кызылординской областной ономастической комиссии от 12 декабря 2015 года № 4, аким поселка Айтеке би Казалинского района РЕШИЛ:
      1. Переименовать переулок "Октябрь" в поселке Айтеке би Казалинского района именем "Ағжап Өтемұратов".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима поселка Иманбаева К.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      АКИМ С. АМАНОВ