"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 - тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қошалақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "13" мамырдағы № 254 қаулысына № 1 қосымша |
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен |
1 | Қармақшы ауданы | 1787 |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "13" мамырдағы № 254 қаулысына № 2 қосымша |
2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 25.10.2016 № 360 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Аудан атауы | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге) |
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | ||
1 | Қармақшы ауданы | 24240 |
Мектеп жанындағы шағын орталық | ||
18371 |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "13" мамырдағы № 254 қаулысына № 3 қосымша |
2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата- ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері | Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |