Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 28.04.2017 № 474 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "29" шілде № 303 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері
№ | Мекен-жай | Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері бір шаршы метріне айына (теңге) |
1 | Жосалы кенті, Хамза Жомартов көшесі №7 үй 8 пәтер | 30,45 |
2 | Жосалы кенті, Наурыз көшесі №19, №21, №23, №25, №27, №29, №31, №33, №35, №37 және Мұхтар Әуезов көшесі №39, №39 А үйлер | 46,3 |
3 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі №18 үй, 3 пәтер | 16,6 |
4 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі №18 үй, 4 пәтер | 16,6 |
5 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі №37 үй, 6 пәтер | 31,3 |
6 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі №19 үй, 6 пәтер | 51,3 |
7 | Жосалы кенті, Ерназар Сексенбаев көшесі №21 үй, 7 пәтер | 42,3 |