Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі әкімінің 05.05.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Аққыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққыр ауылдық округіндегі Қожағали учаскесінде 950 гектар, Борықтыбас учаскесінде 1285 гектар және Борлықұм учаскесінде 2250 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққыр ауылдық | |
округінің әкімі | Ж. Матаев |