Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 258 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйекте № 3149 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.07.2020 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.07.2020 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.К. Рзахановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Айдарбаев

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы "12" 08
  № 258 қаулысымен
  бекітілген

Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.07.2020 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі – Куәлік) саяси және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарында атқаратын лауазымын растайтын құжат болып табылады.

      3. Куәлік белгіленген тәртіппен облыс әкімінің қолтаңбасымен облыс әкімінің бірінші орынбасарына, облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімінің аппарат басшысына, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдеріне (бұдан әрі – қызметкер) беріледі.

      4. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

      5. Қызметкерлер атқарып отырған лауазымынан босатылған, жұмыстан шыққан, ауыстырылған (қайта тағайындалған) жағдайда өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) (бұдан әрі – кадр қызметі) тапсырады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген куәлікті ауыстыру жағдайында бұрын берілген куәлік қайтарылып алынады.

      7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

      Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған актіні жасай отырып, кадр қызметі жүргізеді.

      8. Қызметкер куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда кадр қызметіне хабарлайды.

      9. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактілері бойынша кадр қызметі қызметтік тергеп-тексеру жүргізу қажеттігін қарайды.

      10. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік қызметкердің өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.

      11. Көк түсті жасанды былғарыдан жасалған куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төменде "Маңғыстау облысының әкімдігі" деген типографиялық шрифттегі жазбасы болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x190 миллиметр, ішбеті (форматы 62x88 миллиметр) бар. Ішкі жағы көгілдір тангир торы аясында күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасы қолдана отырып орындалған. Жоғары бөлігінде екі жағынан да "Маңғыстау облысының әкімдігі", "Акимат Мангистауской области" деген жазулар орналастырылған. Одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "Қазақстан Республикасы" деген жазулар орналастырылған.

      Сол жағында: фотосурет (3х4 сантиметр өлшемде), орталығында куәліктің нөмірі мен "Куәлік" деген жазу орналастырылады, нөмірдің астында жол-жолымен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы көрсетіледі.

      Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, Елтаңбаның төменгі жағында сары түсті "QAZAQSTAN" деген жазу және орыс тіліндегі тиісті мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (төрт жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

      12. Куәліктер облыс әкімінің қолтаңбасымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  Маңғыстау облысы жергілікті
  атқарушы органдарының саяси және
  "А" корпусының мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілеріне қызметтік
  куәлігін беру қағидалары және оның
  сипаттамасына
  1 қосымша
  Нысан

Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәлік №

Беру күні

Алғандығы туралы қолы

Тапсыру күні

Тапсырғандығы туралы қолы















      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы
  органдарының саяси және
  "А" корпусының мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілеріне қызметтік
  куәлігін беру қағидалары және оның
  сипаттамасына
  2 қосымша
  Нысан

      Ұйымның атауы

АКТІ

      __________________ ________ № ________

      жасалу орны күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасының 5-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға жинақталған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуына, басқа қызметке ауысуына байланысты ___________ тізімге сәйкес:

      Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасадық:

      Лауазымның атауы қолтаңбасы

      Лауазымның атауы қолтаңбасы

      Лауазымның атауы қолтаңбасы

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения политическим и административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Мангистауской области и его описание

Постановление акимата Мангистауской области от 12 августа 2016 года № 258. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 14 сентября 2016 года № 3149.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 27.07.2020 № 111 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения политическим и административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Мангистауской области и его описание.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 27.07.2020 № 111 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Мангистауской области" (Рзаханов А.К.) обеспечить официальное опубликование данного постановления в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации, размещение на интернет-ресурсе акимата Мангистауской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Рзаханова А.К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Айдарбаев

  Утверждены
  постановлением акимата Мангистауской области
  от "12" 08 2016 года
  № 258

Правила выдачи служебного удостоверения политическим и административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Мангистауской области и его описание

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 27.07.2020 № 111 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения политическим и административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Мангистауской области и его описание (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок выдачи служебного удостоверения политическим и административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Мангистауской области и его описание.

      2. Служебное удостоверение (далее – Удостоверение) является документом, подтверждающим занимаемую политическим и административным государственным служащим корпуса "А" должность в местных исполнительных органах Мангистауской области.

      3. Удостоверение выдается в установленном порядке за подписью акима области первому заместителю акима области, заместителям акима области, руководителю аппарата акима области, акимам городов областного значения и районов (далее – работник).

      4. Удостоверения выдаются при назначении на должность, перемещении (переназначении), порче, утере, по истечении срока действия ранее выданного удостоверения.

      5. При освобождении от занимаемой должности, увольнении, перемещении (переназначении) работники в течение трех рабочих дней со дня издания распоряжения сдают удостоверения в службу управления персоналом (кадровую службу) (далее – кадровая служба).

      6. В случаях замены удостоверения, предусмотренных пунктом 4 настоящих Правил, ранее выданное удостоверение изымается.

      7. Учет выдачи и возврата удостоверений осуществляется в журналах выдачи и возврата служебных удостоверений, которые пронумеровываются и прошнуровываются по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Списание и уничтожение удостоверений производится кадровой службой с составлением акта на списание и уничтожение служебных удостоверений по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      8. В случае утраты или порчи удостоверения работник в течении трех рабочих дней в письменной форме извещает в кадровую службу.

      9. По каждому факту утери, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи служебного удостоверения другим лицам, использования служебного удостоверения в личных внеслужебных целях, кадровой службой рассматривается необходимость проведения служебного расследования.

      10. Утраченное или испорченное удостоверение по вине работника работник восстанавливает за счет собственных средств.

      11. На лицевой стороне удостоверения с обложкой из кожзаменителя синего цвета по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан, ниже типографическим шрифтом выполнена надпись "Маңғыстау облысының әкімдігі". В развернутом виде удостоверение имеет размер 65x190 миллиметра, вкладыши (форматом 62x88 миллиметра). Внутренняя сторона выполнена на фоне тангирной сетки голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи с двух сторон "Маңғыстау облысының әкімдігі", "Акимат Мангистауской области". Под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой, надписи "Қазақстан Республикасы".

      На левой стороне: фотография (размером 3х4 сантиметра), в центре располагаются номер удостоверения и надпись "Куәлік", под номером построчно указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность на государственном языке.

      На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под Гербом надпись желтого цвета "QAZAQSTAN" и соответствующий текст на русском языке. Ниже указывается срок действия удостоверения (выдается сроком на четыре года).

      12. Удостоверения заверяются подписью акима области и скрепляются гербовой печатью.

  Приложение 1
  к Правилам выдачи служебного
  удостоверения политическим и
  административным государственным
  служащим корпуса "А" местных
  исполнительных органов
  Мангистауской области и его описание
  Форма

Журнал выдачи и возврата служебных удостоверений

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

№ удостоверения

Дата выдачи

Роспись о получении

Дата сдачи

Роспись
о сдачи















      Примечание: журнал должен быть прошнурован, пронумерован.

  Приложение 2
  к Правилам выдачи служебного
  удостоверения политическим и
  административным государственным
  служащим корпуса "А" местных
  исполнительных органов
  Мангистауской области и его описание
  Форма

      Наименование организации

АКТ

      __________________ ________ № ________

      место составления дата

      Мы, нижеподписавшиеся, (не менее 3 работников, указать фамилию, имя, отчество (при наличии), занимаемую должность), на основании пункта 5 Правил выдачи служебного удостоверения политическим и административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Мангистауской области и его описание изучив, собранные к списанию и уничтожению утратившие практическое значение удостоверения работников: _______ в связи с увольнением, переводом на другую должность согласно списку:

      Составили настоящий акт по их списанию и уничтожению:

      Наименование должности Подпись

      Наименование должности Подпись

      Наименование должности Подпись

      Подпись