Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.04.2020 № 54(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 411 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2966 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;".
2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.К. Рзахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық азаматтық хал
актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.З. Елемесова
"02" 09 2016 ж.
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.К. Рзаханов
"02" 09 2016 ж.