Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 07.08.2020 № 1327 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.К.Туретаев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Ақтау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы Е.К.Туретаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Трұмов |
Ақтау қаласы әкімдігінің | |
2016 жылғы " 15" желтоқсан | |
№ 2282 қаулысымен бекітілген |
"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы
1. Осы "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат), "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат) мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.
2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі – Куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің атқаратын лауазымын және лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
3. Куәлік белгіленген тәртіппен:
1) қала әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына, Өмірзақ ауылы әкіміне, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың басшыларына, қала әкімі тағайындайтын аппараттың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – қала әкімінің;
2) аппарат басшысы тағайындайтын аппараттың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне –аппарат басшысының;
3) Өмірзақ ауылы әкімі тағайындайтын аппараттың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – Өмірзақ ауылы әкімінің;
4) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы орган басшысының қолы қойылып беріледі;
4. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.
5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, шығарылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер бұйрықтың/өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті кадр қызметіне тапсырады.
6. Осы Қағидалардың 4 тармағында көзделген куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген куәлік қайтарылып алынады.
7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.
Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған актіні жасай отырып, кадр қызметі жүргізеді.
8. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда кадр қызметіне хабарлайды.
9. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактілері бойынша кадр қызметі қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысын қарайды.
10. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік қызметкердің өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.
11. Көк түсті жасанды былғарыдан жасалған куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төменде мемлекеттік тілде "Куәлік" ал орыс тілінде "Удостоверение" деген типографиялық шрифттегі жазбасы болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x210 миллиметр, ішбеті (форматы 62x88 миллиметр) бар. Ішкі жағы көгілдір түсті тангир торы аясында орындалған.
Қала әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының, Өмірзақ ауылы әкімінің, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың басшыларының, Ақтау қаласы әкімі аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәліктері үшін жоғары бөлігінде екі жағынан "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімдігі", "Акимат города Актау Мангистауской области Республики Казахстан" деген жазулар орналастырылған.
Аппарат басшысы тағайындайтын Ақтау қаласы әкімі аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәліктері үшін жоғары бөлігінде екі жағынан "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы" "Ақтау қаласы әкімінің аппараты", "Мангистауская область Республики Казахстан" "Аппарат акима города Актау" деген жазулар орналастырылған.
Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәліктерінің жоғары бөлігінде екі жағынан "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы" "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты", "Мангистауская область Республики Казахстан" "Аппарат акима села Умирзак" деген жазулар орналастырылған.
Ал, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәліктерінде жоғары бөлігінде екі жағынан "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы" "Мангистауская область Республики Казахстан" деген жазулар орналастырылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде қалалық атқарушы органдардың ресми атаулары жазылады.
Сол жағында: фотосурет (3х4 сантиметр өлшемде), орталығында куәліктің нөмірі мен "Куәлік" деген жазу орналастырылады, нөмірдің астында жол-жолымен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.
Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, Елтаңбаның төменгі жағында сары түсті "Қазақстан" деген жазу және орыс тіліндегі тиісті мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.
12. Куәліктер басшылықтың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Атқаратын лауазымы |
Куәлік № |
Беру күні |
Алғандығы туралы қолы |
Тапсыру күні |
Тапсырғандығы туралы қолы |
Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.
Ұйымның атауы
АКТІ
__________________ __________________ № ________________
жасалу орны күні
Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасының 5 тармағының негізінде қызметкерлердің есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты ___________ тізімге сәйкес:
Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады:
Лауазымның атауы | Қолы |
Лауазымның атауы | Қолы |
Лауазымның атауы | Қолы |