Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 17 қарашадағы № 3/17 "Жаңаөзен қаласы аумақтарын аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-2 - 67 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 наурыздағы № 11 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысына (А.Ермұханов) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық | |
мәслихат хатшысы | С.Мыңбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
И.Орынбеков
12 қазан 2016 жыл