Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 10.07.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Ә.Әмірханова) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Бейнеу ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Ә.Әмірхановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Әзірханов |
Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 259 қаулысымен бекітілген |
"Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы
1. Осы "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат), Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының (бұдан әрі – ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары), Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі – атқарушы органдар) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.
2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі – Куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшімен аппаратта, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында, атқарушы органдарда атқаратын лауазымын растайтын құжат болып табылады.
3. Куәлік белгіленген тәртіппен:
1) аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына, ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне, атқарушы органдардың басшыларына, аудан әкімі тағайындайтын аппараттың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне - аудан әкімінің;
2) ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне - тиісті ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, атқарушы органдардың басшыларының қолы қойылып беріледі.
4. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған кезде белгіленбеген мерзімге беріледі.
5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, мемлекеттік әкімшілік қызметші өкімнің/бұйрықтың шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті кадр қызметіне тапсырады.
6. Куәлікті ауыстырған жағдайларда бұрын берілген куәлік қайтарылуға жатады.
7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алу осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналдарында жүзеге асырылады.
Куәліктерді есептен шығару және жою кадр қызметімен осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді есептен шығару және жою актісі жасала отырып жүргізіледі.
8. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметші үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда кадр қызметін хабардар етеді.
9. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметімен қызметтік тексеру жүргізу қажеттілігі қаралады.
10. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік мемлекеттік әкімшілік қызметшінің өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.
11. Куәлік мұқаба мен жапсырмалардан тұрады.
Мұқаба көгілдір түсті былғары алмастырғыштан дайындалады, ашық түріндегі өлшемі - 65х190 миллиметр. Мұқабаның беткі жағында, ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төменде баспаханалық шрифтімен "куәлік", "удостоверение" жазбасы орналасқан.
Жапсырмалардың ішкі жағы (өлшемі - 60х90 миллиметр) көгілдір түсті тангир торы аясында шеңбер ішіндегі күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасы қолдана отырып орындалған.
Жапсырмалардың жоғары бөлігінде, екі жағынан да "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы", "Республика Казахстан Мангистауская область" жазбасы мен тиісті мемлекеттік органның атауы (қызыл түсті қою шрифтімен) мемлекеттік (сол жапсырмада) және орыс (оң жапсырмада) тілдерінде жазылады. Олардан төмен үзік жолақпен бөлектелген "Қазақстан Республикасы" (қызыл түсті, шрифт өлшемі - 4) жазбасы орналасқан.
Сол жапсырмада: фотосурет (3х4 сантиметр өлшемде), орталығында куәліктің нөмірі көрсетіледі және "куәлік" жазбасы (қара түсті қою шрифтімен) орналасқан, олардың астында жол-жолымен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қара түсті қою шрифтімен, шрифті өлшемі - 14) және лауазымы (қара түсті қою курсивті шрифтімен) көрсетіледі. Төменде "Берілген күні" (курсивті шрифтімен) жазбасы орындалған және куәліктің берілген күні көрсетіледі.
Оң жапсырмада: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мен оның астында көгілдір түсті "Қазақстан" жазбасы орналасқан, орталығында "удостоверение" жазбасы орналасқан және куәліктің нөмірі (қара түсті қою шрифтімен) көрсетіледі, олардың астында жол-жолымен орыс тілінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қара түсті қою шрифтімен, шрифті өлшемі - 14) және лауазымы (қара түсті қою курсивті шрифтімен) көрсетіледі. Төменде "Дата выдачи" (курсивті шрифтімен) жазбасы орындалған және куәліктің берілген күні көрсетіледі.
12. Куәлік басшылықтың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Нысан
Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Атқаратын лауазымы | Куәлік № | Беру күні | Алғандығы туралы қолы | Тапсыру күні | Тапсырғандығы туралы қолы |
Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.
Нысан
Ұйымның атауы
АКТІ
___________ _____________ №_____________
жасалу орны күні
Біз төменде қол қойғандар (3-тен кем емес қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасының 7 тармағының негізінде қызметкердің есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп:__________________ байланысты ___________ тізімге сәйкес:
оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасадық:
Лауазымның атауы Қолы
Лауазымның атауы Қолы
Лауазымның атауы Қолы