Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 45/338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орны болып Форт-Шевченко қаласының Бейменбет Маяұлы көшесінде орналасқан орталық алаң анықталсын.
2. Бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізудің арнайы бағыты болып Жаңа Кетік шағын ауданындағы Ораз Бозахаров және Байбоз Қилыбаев көшелері қиылысынан бастап Ораз Бозахаров көшесінің №30 үйі жанында орналасқан көпірге дейінгі жолдың бөлігі белгіленсін.
3. Қосымшаға сәйкес Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
4. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №7/45 "Түпқараған ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2163 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қазандағы № 60 - 61 "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Түпқараған аудандық мәслихатының аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы А.Берішбаева) жүктелсін.
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының ішкі істер
департаменті Түпқараған аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Н.Мұхамбетқалиұлы
8 шілде 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық сәулет және қала
құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Ж.Кулдашов
8 шілде 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық ішкі саясат және
тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Ордабаева
8 шілде 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Форт-Шевченко қаласының әкімі
М.Дощанов
8 шілде 2016 жыл
Түпқараған аудандық | |
мәслихатының 2016 жылғы | |
8 шілдедегі №4/35 шешіміне | |
ҚОСЫМША |
Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
1. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде ұйымдастырушылар, сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
2. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергі келтіруіне;
3) ауданның жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;
7) алкагольдік және есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.
3. Бейбіт жиналыстар мен митингілер үшін арнайы орындар, ал шерулер мен демонстрациялар үшін - арнайы бағдарлар белгіленеді.
Пикеттер және аштық жариялау үшін арнайы орындар белгіленбейді.
Ауданның жергілікті атқарушы органы арнайы орындар мен бағдарларды бейнебақылау камераларымен немесе объективті себептер бойынша бейнебақылау камераларын орнату мүмкін болмаған жағдайда, тиісті іс-шараларды өткізу уақытына жылжымалы бейнебақылау кешендерімен жабдықтауы тиіс.
4. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарында:
1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткілік, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын пайдалануға;
2) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақырған транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарды (визуальды, аудио/бейне) пайдалануға, көпшілік алдында сөйлеуге, сондай-ақ әлдебір кісінің атына қатысты тіл тигізуге жол берілмейді.
5. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде
және келісілген жерде өткізіледі.
6. Пикеттер өткізілген кезде:
1) пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;
2) көрнекілік үгіт құралдарын пайдалануға;
3) қысқа ұрандарды, пикет тақырыбы туралы сөздерді айғайлап айтуға рұқсат етіледі.
7. Пикетті өзге нысанда митингіге, бейбіт жиналысқа, шеруге немесе демонстрацияға жалғастыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алу қажет.
8. Ауданның жергілікті атқарушы органынан бейбіт жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден бас тартылған жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданған болса, ұйымдастырушылар тез арада барлық дайындық шараларын болдырмауға, ықтимал қатысушыларды тиісті дәрежеде жария етудің шараларын қабылдайды.
Егер бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық араздықты қоздыруға байланысты болса, сондай-ақ Конституцияның басқа да ережелерін, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік актілерін бұзу болса немесе оларды өткізу азаматтардың қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қауіп төндірсе, өткізуге жол берілмейді.
9. Егер өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергілікті атқарушы органының өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылады.
10. Ауданның жергілікті атқарушы органының өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда, оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары бейбіт жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады.
11. Бейбіт жиналыстарды , митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және
демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
12. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша өтелуге жатады.
13. Бейбіт жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізілетін орындарда барлық қосымша туындаған шығындарды, соның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй - жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыруды ұйымдастырушылар өтейді.