РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12705 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі №2/17 "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3050 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесінде:
6 тармақтың екінші абзацы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"Комиссия төрағасы Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы болып табылады.".
2. Мұнайлы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Қонысбаева).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Қазақбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Назар |