1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Талды ауылы;
Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің Есенкөл ауылы;
Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің Березовское ауылы;
Қарабалық ауданы Славен ауылдық округінің Шеңгел ауылы;
Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Грачевка ауылы.
2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Бөрлі ауылдық округінің Талды ауылы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Тастыөзек ауылының құрамына;
Есенкөл ауылдық округінің Есенкөл ауылы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің Лесное ауылының құрамына;
Қарабалық ауылдық округінің Березовское ауылы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің Қособа ауылының құрамына;
Славен ауылдық округінің Шеңгел ауылы Қарабалық ауданы Славен ауылдық округінің Октябрское ауылының құрамына;
Костряков ауылдық округінің Грачевка ауылы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Курское ауылының құрамына.
3. Новошумный ауылдық округі Федоров ауданының Новошумное ауылы болып қайта құрылсын.
4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Сессия төрайымы | Д. Қосмұхамбетова |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |