Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 08.01.2020 № 2 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 501 "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6081 болып тіркелді, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) жұмыс күні.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;";
7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) жұмыс күні;";
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаменті арқылы көрсетілмейді.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысының әкімі |
А. Мұхамбетов |