1. "Қостанай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5891 тіркелді, 2015 жылғы 10 қазанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) Қостанай облысы әкімінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 12 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларының:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылған:
сауда объектiсi - құрал-жабдықпен арнайы жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы.
Стационарлық сауда объектілері:
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты;
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты;
сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты;
сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты;
сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді.
Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
2) жылжымалы сөре - арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);
3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.
4) шатыр (павильон) - бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;
5) дүңгiршек - бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;
6) сауда базары - аумақта шаруашылық қызмет ету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен.
Қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет.
Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |