Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
Амангелді аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ Қ.Кеделбаев
11.04.2016 жыл
Әкімдіктің 2016 жылғы 11 сәуірдегі №59 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:1) күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) басшы;
3) жұмыспен қамту орталығының маманы.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мектеп директоры;
2) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4) директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары;
5) әлеуметтік педагог;
6) педагог-психолог;
7) қосымша білім беру педагогы;
8) аға тәрбиелеуші, тәрбиелеуші;
9) музыкалық жетекші;
10) аға вожатый;
11) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
12) нұсқаушы;
13) аға әдіскер, әдіскер;
14) өндірістік оқыту шебері;
15) аға шебер;
16) медбике;
17) емдәмбике;
18) кітапханашы;
19) логопед;
20) суретші;
21) көркемдік жетекші;
22) интернат меңгерушісі;
23) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
24) барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдер;
25) мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi;
26) шебер, шеберхана меңгерушісі;
28) кітапхана меңгерушісі;
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ұйымның басшысы;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) суретші;
4) кітапханашы;
5) бөлім меңгерушісі;
6) әртіс;
7) режиссер;
8) редактор;
9) әдіскер;
10) әкімші;
11) дирижер;
12) нұсқаушы;
13) солист;
14) библиограф;
15) көркемдік жетекші;
16) ұйым басшысының орынбасары;
17) хореограф;
18) дыбыс операторы.
4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
1) директор;
2) директордың орынбасары;
3) медбике;
4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрiгер;
2) ветеринариялық фельдшер.