Мәслихаттың 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 43 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 6563 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 04.09.2020 № 438 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4245 тіркелген, 2013 жылғы 24 қазанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаментінің Жітіқара аудандық бөлімшесі;
      23-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Кабиев

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ А. Мекебаева
      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________ Г. Баймухамбетова

О внесении изменений в решение маслихата от 16 сентября 2013 года № 157 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Житикаринского района Костанайской области от 1 июля 2016 года № 43. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 28 июля 2016 года № 6563. Утратило силу решением маслихата Житикаринского района Костанайской области от 4 сентября 2020 года № 438

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Житикаринского района Костанайской области от 04.09.2020 № 438 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктами 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Житикаринский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата от 16 сентября 2013 года № 157 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4245, опубликовано 24 октября 2013 года в газете "Житикаринские новости") следующие изменения:
      В Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:
      подпункт 8) пункта 2 изложить в новой редакции:
      "8) уполномоченная организация – Житикаринское районное отделение Департамента "Государственный центр по выплате пенсии" - филиал некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Костанайской области;
      пункт 23 исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      секретарь Житикаринского
      районного маслихата А. Кабиев

      Руководитель
      государственного учреждения
      "Отдел занятости и
      социальных программ акимата
      Житикаринского района"
      ______________ А. Мекебаева
      Руководитель
      государственного учреждения
      "Отдел экономики и бюджетного
      планирования акимата
      Житикаринского района"
      ____________ Г. Баймухамбетова