Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 29.04.2024 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5348 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Белгіленген нормалар шегіндегі отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың он пайызы мөлшерінде белгіленеді".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессияның төрағасы | Д. Мункебаев |
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Кабиев |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ А. Мекебаева
2016 жылғы 20 қыркүйек
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Г. Баймухамбетова
2016 жылғы 20 қыркүйек