1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Қ. Ғабдулин |
КЕЛІСІЛДІ
Қарабалық аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ А. Төлебаев
Әкімдіктің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:1) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18 ден мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
5) психолог;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) барлық мамандық мұғалімдері;
4) логопед;
5) әлеуметтік педагог;
6) қосымша бiлiм беретін педагог;
7) ұйымдастырушы педагог
8) педагог-психолог;
9) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
10) әдіскер;
11) музыкалық жетекші;
12) тәлімгер;
13) жүзү бойынша нұсқаушы;
14) дене тәрбиесі нұсқаушысы;
15) аккомпаниатор (сүйемелдеуші);
16) концертмейстер;
17) өндірістік оқыту шебер
18) мейірбике (мейіргер);
19) емдәмдік мейірбике;
20) кітапханашы;
21) кітапхананың меңгерушісі;
22) зертханашы;
23) тәрбиелеуші;
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) кітапханашы, библиограф;
4) барлық атаудағы суретшiлер;
5) дыбыс жазу операторы;
6) әдіскер;
7) хореограф;
8) көркемдiк жетекшiсi.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) медициналық бике/аға;
4) әдіскер;
5) жаттықтырушы-оқытушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.