Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 14 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 сәуірде № 6309 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 168 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 23.04.2024 № 168 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:

      2, 3-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындайды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментіне (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.

      Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қостанай аудандық мәслихатының


кезектен тыс сессиясының төрағасы

А. Кириченко

Қостанай аудандық


мәслихатының хатшысы

А. Досжанов


      Қостанай ауданы әкімдігінің

      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ В. Панин

      1 сәуір 2016 жыл

      Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндеттерін атқарушы

      ____________________ М. Шилина

      1 сәуір 2016 жыл

О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 247 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Решение маслихата Костанайского района Костанайской области от 1 апреля 2016 года № 14. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 29 апреля 2016 года № 6309. Утратило силу решением маслихата Костанайского района Костанайской области от 23 апреля 2024 года № 168

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Костанайского района Костанайской области от 23.04.2024 № 168 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" Костанайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 247 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5219, опубликовано 19 декабря 2014 года в газете "Арна") следующие изменения:

      в Правилах оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:

      пункты 2, 3 изложить в новой редакции:

      "2. Жилищная помощь оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ" акимата Костанайского района (далее - уполномоченный орган).

      Для назначения жилищной помощи услугополучатель обращается в Департамент "Центр обслуживания населения" - филиал некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Костанайской области (далее - Государственная корпорация), либо веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее - портал) на альтернативной основе с заявлением и представляет документы, указанные в пункте 9 Стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденного приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства".

      3. Уполномоченный орган предоставляет результат оказания жилищной помощи с момента сдачи пакета документов в Государственную корпорацию, а также при обращении на портал - 10 (десять) календарных дней.

      День сдачи пакета документов в Государственную корпорацию не входит в срок оказания жилищной помощи, при этом уполномоченный орган предоставляет результат оказания жилищной помощи за день до окончания срока оказания государственной услуги.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Председатель внеочередной сессии


Костанайского районного маслихата

А. Кириченко

Секретарь Костанайского


районного маслихата

А. Досжанов


      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел занятости и

      социальных программ" акимата

      Костанайского района

      ___________________ В. Панин

      1 апреля 2016 года

      Исполняющий обязанности руководителя

      государственного учреждения "Отдел

      экономики и финансов" акимата

      Костанайского района

      ___________________ М. Шилина

      1 апреля 2016 года