Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 22 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 мамырда № 6384 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 376 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 07.08.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 333 "Науырзым ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5929 тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрайымы,


аудандық мәслихаттың хатшысы

Г. Әбенова



  Науырзым аудандық
  мәслихатының
  2016 жылғы 16 мамырдағы
  № 22 шешімімен бекітілген

Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидалары

      1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы ауданның жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрі – Науырзым ауданы әкімдігі) өтiнiш берiледi.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Науырзым ауданы әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      4. Науырзым ауданы әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

      5. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда Науырзым ауданы әкімдігі жіберілген бұзушылықтарды жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      6. Науырзым ауданы әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.

      7. Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      8. Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтау қажет.

      11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Науырзым ауданы әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.

      12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарында:

      1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды, прекурсорларды пайдалануға;

      2) мазмұны қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға бағытталған, сондай-ақ қорлайтын транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалды, аудио/ видео), сондай-ақ көпшілік сөз сөйлеулерді қолдануға жол берілмейді.

      13. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      14. Қоғамдық тәртіпті және пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) түрлі дара пикеттердің қатысушыларына анық көрініп тұрып орналасу қажет;

      2) Науырзым ауданы әкімдігі бір күні және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын дара пикет өткізуге рұқсат бере алады;

      3) пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында орналасуға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар айқайлауға рұқсат етіледі.

      15. Пикет жалғастырудың өзге нысаны (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) айқындалған жағдайда белгіленген тәртіппен Науырзым ауданы әкімдігінен рұқсат алу қажет.

      16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:

      1) өтiнiш берiлмеген;

      2) оларды өткiзу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарында көзделген оларды өткізу тәртiбі бұзылған жағдайларда Науырзым ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 14.11.2019 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Науырзым ауданы әкімдігі өкiлiнiң заңды талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

      18. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      19. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.

      20. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу кезінде, оның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және техникалық қамсыздандыру жөнiндегi барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.


  Жиналыстар, митингiлер,
  шерулер, пикеттер және
  демонстрациялар өткізуді
  қосымша реттеу туралы
  қағидаларына 1-қосымша

Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары


Елді мекен атауы


өткізу орындары


1.


Қарамеңді ауылы


Шақшақ Жәнібек көшесіндегі орталық алаң


2.


Қарамеңді ауылы


Қабанбай батыр көшесіндегі Тәуелсіздік саябағы




  Жиналыстар, митингiлер,
  шерулер, пикеттер және
  демонстрациялар өткізуді
  қосымша реттеу туралы
  қағидаларына 2-қосымша

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 14.11.2019 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекен атауы

Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары

1.

Қарамеңді ауылы

Қабанбай батыр көшесінің бойымен Шақшақ Жәнібек көшесінің қиылысына дейін. Бұдан әрі Шақшақ Жәнібек көшесі бойымен орталық алаңға қарай

2.

Қарамеңді ауылы

Шақшақ Жәнібек көшесінен Тәуелсіздік саябағына қарай Қабанбай батыр көшесінің қиылысына дейін


Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение маслихата Наурзумского района Костанайской области от 16 мая 2016 года № 22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 19 мая 2016 года № 6384. Утратило силу решением маслихата Наурзумского района Костанайской области от 7 августа 2020 года № 376

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Наурзумского района Костанайской области от 07.08.2020 № 376 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Наурзумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций.

      2. Признать утратившим силу решение маслихата от 17 сентября 2015 года № 333 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Наурзумского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативно правовых актов за № 5929, опубликовано от 22 октября 2015 года в газете "Науырзым тынысы").

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Председатель сессии,


секретарь районного маслихата

Г. Абенова



  Утверждены
  решением Наурзумского
  районного маслихата
  от 16 мая 2016 года № 22

Правила о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      1. О проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в местный исполнительный орган района (далее - акимат Наурзумского района).

      2. Заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.

      3. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее чем за десять дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в акимате Наурзумского района.

      4. Акимат Наурзумского района рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.

      5. В случае не соблюдения требования пункта 3 настоящих Правил при подаче заявления о проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций акиматом Наурзумского района дается официальный ответ разъяснительного характера с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются со дня его регистрации.

      6. Акимат Наурзумского района в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением иные время и место проведения мероприятия.

      7. Определить места проведения собраний и митингов согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      8. Определить маршруты проведения шествий и демонстраций согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      9. Собрания, митинги, шествия и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.

      10. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченным (организаторам), а также иным участникам необходимо соблюдать общественный порядок.

      11. Организаторами и участниками мероприятия не допускается:

      1) препятствование движению транспорта и пешеходов;

      2) создание помех для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

      3) установление юрт, палаток, иных временных сооружений без согласования с акиматом Наурзумского района;

      4) вмешательство в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий;

      5) нанесение ущерба зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

      6) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, которые могут быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      7) участие в состоянии алкогольного и наркотического опьянения.

      12. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации не допускается:

      1) распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров;

      2) использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, а также оскорбления.

      13. Пикеты проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и обусловленном месте.

      14. В целях обеспечения общественного порядка и безопасности участников пикета:

      1) участникам различных одиночных пикетов необходимо располагаться в пределах прямой видимости;

      2) акимат Наурзумского района может разрешить проведение в один и тот же день и время, на одном и том же объекте не более трех одиночных пикетов;

      3) при пикетировании разрешается располагаться у пикетируемого объекта, использовать средства наглядной агитации, выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

      15. В случае определения иной формы продолжения пикета (митинг, собрание, шествие, демонстрация) необходимо получение в установленном порядке разрешения акимата Наурзумского района.

      16. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации прекращаются по требованию представителя акимата Наурзумского района в случаях когда:

      1) не было подано заявление;

      2) нарушен порядок их проведения, предусмотренный статьями 7, 8 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан".

      Сноска. Пункт 16 – в редакции решения маслихата Наурзумского района Костанайской области от 14.11.2019 № 317 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. В случае отказа от выполнения законных требований представителя акимата Наурзумского района по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

      18. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законом порядке.

      20. Все дополнительные затраты при проведении собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и техническому оснащению, возмещаются их организаторами.


  Приложение 1
  к Правилам о дополнительном
  регламентировании проведения
  собраний, митингов, шествий,
  пикетов и демонстраций

Места проведения собраний и митингов

Наименование населенного пункта Места проведения

1.

село Караменды

Центральная площадь по улице Шакшак Жанибека

2.

село Караменды

Парк Независимости по улице Кабанбай батыра



  Приложение 2
  к Правилам о дополнительном
  регламентировании проведения
  собраний, митингов, шествий,
  пикетов и демонстраций

Маршруты проведения шествий и демонстраций

      Сноска. Приложение 2 - в редакции решения маслихата Наурзумского района Костанайской области от 14.11.2019 № 317 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование населенного пункта

Маршруты проведения шествий и демонстраций

1.

село Караменды

по улице Кабанбай батыра до пересечения с улицей Шакшак Жанибека. Далее по направлению к центральной площади по улице Шакшак Жанибека

2.

село Караменды

с улицы Шакшак Жанибека до пересечения Кабанбай батыра, по направлению к Парку Независимости