Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шарушылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелді) Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының басым субсидияланатын әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға ауданның шаруашылығы тауар өндірушілерін тізімге қосу үшін ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 14 маусымнан туындаған қатынастарға таратылады.
Ұзынкөл ауданының әкiмi | Қ. Сарсембаев |
Әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 200 қаулысына қосымша |
2016 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері
№ қ/б | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі | Өтінімді ұсыну мерзімдері |
1 | 2 | 3 |
1. |
Жаздық жұмсақ бидай | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
2. | Жаздық қатты бидай | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
3. |
Сұлы | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
4. | Күздік қара бидай | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
5. |
Бұршақ | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
6. | Күнбағыс | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
7. | Рапс | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
8. | Зығыр | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
9. | Мақсары | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
10. | Картоп | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
11. | Көкөнiстер | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
12. | Бақша дақылдары | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
13. | Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
14. | Сүрлемдік жүгері | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
15. | Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |
16. | Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер | 14 маусымнан 10 қыркүйекке дейін |