Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 19.08.2020 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы № 17 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6493 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1, 2 – қосымшалар осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7- нші кезектен тыс сессиясының төрайымы |
В. Лазарева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Бараншина |
КЕЛІСІЛДІ
"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкісаясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушысы
_______________ С. Альмагамбетова
Мәслихаттың 2016 жылғы 14 қазандағы № 42 шешіміне 1-қосымша |
|
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1-қосымша |
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
№ р/с | Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары |
1 | Абай көшесі бойындағы "Тәуелсіздік" паркі |
2 | Б. Дощанов көшесі мен Ш. Валиханов көшелерінің қиылысындағы футбол алаңы |
Мәслихаттың 2016 жылғы 14 қазандағы № 42 шешіміне 2-қосымша |
|
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша |
Шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№ | Шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу маршруттары |
1 | Ғ. Мүсірепов көшесі мен Ш. Валиханов көшелерінің қиылысынан Ғ. Мүсірепов көшесі мен Абылайхан атындағы көшелерінің қиылысына дейін. Ғ. Мүсірепов көшесі мен Абылайхан атындағы көшелерінің қиылысынан Ғ. Мүсірепов көшесі мен Абай көшелерінің қиылысына дейін. Ғ. Мүсірепов көшесі мен Абай көшелерінің қиылысынан "Тәуелсіздік" паркіне дейін. |
2 | Ғ. Мүсірепов көшесі мен Ш. Валиханов көшелерінің қиылысынан Б. Дощанов көшесі мен Ш. Валиханов көшелерінің қиылысына дейін. Б. Дощанов көшесі мен Ш. Валиханов көшелерінің қиылысынан футбол алаңына дейін. |