Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 214/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 54/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 5008 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 28/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 29.01.2018 № 28/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 214/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3895 болып тіркелді, 2014 жылғы 5 тамызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      20-тармақтың 19) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 26 июня 2014 года № 214/6 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства Павлодарской области"

Постановление акимата Павлодарской области от 25 февраля 2016 года № 54/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 24 марта 2016 года № 5008. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 29 января 2018 года № 28/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 29.01.2018 № 28/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Павлодарской области от 26 июня 2014 года № 214/6 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства Павлодарской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3895, опубликовано 5 августа 2014 года в газетах "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы") следующее изменение:

      в Положении о государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства Павлодарской области", утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 20 подпункт 19) исключить.

      2. Государственному учреждению "Управление архитектуры и градостроительства Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет";

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Турганова Д.Н.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области К. Бозумбаев