Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.05.2017 № 146/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 16/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4305 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақтың 33) тармақшасы алынып тасталсын;
25-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |