Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.02.2018 № 66/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 212/7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелді, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Регион.kz" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің барлық мәтінінде "халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылсын және "халыққа қызмет көрсету орталығы" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |