Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "6" қыркүйектегі № 203 қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданы бойынша 2016 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің саны | Айына жан басына қаржыландыру мөлшері, теңге | Ата-аналардың айына ақы төлеу мөлшері, теңге | Бір тәрбиеленушіге бір айлық орта шығын құны, теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
Балабақша | ||||||||
1. | "Айгөлек" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын |
110 | 21943 |
2 жастан 3 жасқа дейін 6000 |
2 жастан 3 жасқа дейін 27943 | |||
2. | "Ақбота" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын |
70 | 36896 |
2 жастан 3 жасқа дейін 6000 теңге |
2 жастан 3 жасқа дейін 42896 | |||
Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі толық күн болатын шағын орталықтар | ||||||||
3. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Приречен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Қарлығаш" шағын-орталығы) |
20 | 12413 | 4000 | 16413 | |||
4. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Тіленшін атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Бөбек" шағын-орталығы) |
40 | 6822 | 5000 | 11822 | |||
5. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Естай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы) |
16 | 11063 | 4000 | 15063 | |||
6. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шідерті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы) |
9 | 4778 | 4000 | 8778 | |||
7. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Мүткенов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдаурен" шағын-орталығы) |
32 | 8031 | 4500 | 12531 | |||
8. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балапан" шағын-орталығы) |
18 | 20222 | 5000 | 25222 | |||
9. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қараоба орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Айгөлек" шағын-орталығы) |
16 | 12313 | 4000 | 16313 | |||
10. | "Ақтоғай ауданының Ыдырысов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Болашақ" шағын-орталығы) |
16 | 10000 | 5000 | 15000 | |||
11. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Агрономия орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдаурен" шағын-орталығы) |
20 | 4500 | 5000 | 9500 | |||
12. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шолақсор орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Ақбота" шағын-орталығы) |
12 | 16667 | 4000 | 20667 | |||
13. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Жалаулы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Айгөлек" шағын-орталығы) |
10 | 24400 | 4000 | 28400 | |||
14. | "Ақбидай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балапан" шағын-орталығы) |
8 | 36875 | 5000 | 41875 | |||
15. | "Шілікті негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балапан" шағын-орталығы) |
8 | 27750 | 4000 | 31750 | |||
Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі толық емес күн болатын шағын орталықтар | ||||||||
16. | "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Еңбекші орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы) |
6 | 33333 | 2000 | 35333 |