1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі "Ертіс ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 214/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 4631 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамызда аудандық № 31 "Ертіс Нұры" және № 31 "Иртыш" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 және 3 қосымшалары жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Дубовицкий |