Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 22-5-6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қазанда № 5241 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 273-63-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 06.01.2021 № 273-63-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы И. Айтимбетова
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Шингисов

  Ертіс аудандық мәслихатының
2016 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 22-5-6 шешімімен
бекітілген

Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қосымша тәртібі (бұдан әрі - Қосымша тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін өтініш "Ертіс ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Ертіс ауданы әкімінің аппараты) беріледі.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi Ертіс ауданы әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      5. Ертіс ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде 5 күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Ертіс ауданы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жаңа өтініш берген кезде жою туралы ресми түрде ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.

      7. Ертіс ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақытын және жерін ұсынады. Қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте шешімге шағымдануға болады.

      8. Егер, Ертіс ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса немесе тыйым салу туралы шешім шығарылса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғаның міндетті түрде хабарлауы қажет.

      9. Ертіс ауданы аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:

      а) Ертіс ауылы, орталық стадионы;

      б) Ертіс ауылы, Чайковский және Ысқақов көшелерінің қиылысындағы алаңы.

      10. Ертіс ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:

      а) Ертіс ауылының Ысқақов көшесі бойынша Чайковский көшесі қиылысынан бастап Фрунзе көшесінің қиылысына дейін;

      б) Ертіс ауылының Карел - Полк көшесі бойынша Иса Байзақов көшесі қиылысынан бастап Қуанышев көшесінің қиылысына дейін.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      12. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      13. Шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Ертіс ауданы әкімінің аппараты рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      6) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

      14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды өткізу орындарында:

      1) спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың аналогтары мен прекурсорларын қолдануға;

      2) транспаранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекті, аудио және видео) пайдалануға;

      3) құрамында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай-ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынады.

      15. Пикеттер белгіленген кезендерде және өтініште көрсетілген нақты орнында міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.

      16. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:

      1) пикеттірілген объектіде тұру немесе отыру;

      2) көрнекті үгіт құралдарын пайдалану;

      3) пикет тақырыбына байланысты қысқа ұрандар айту.

      17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Ертіс ауданы әкімі аппаратынан рұқсат алу қажет.

      Ертіс ауданы әкімінің аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

      18. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Ертіс ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.

      19. Бұқаралық шараларды мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) және денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берілмейді.

      20. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Ертіс ауданы әкімі аппараты өкілінің талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.

      21. Ертіс ауданы әкімі аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажетті шаралар қолданады.

      22. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      23. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиiс.

      24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Иртышского района

Решение маслихата Иртышского района Павлодарской области от 5 сентября 2016 года № 22-5-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 4 октября 2016 года № 5241. Утратило силу решением Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 6 января 2021 года № 273-63-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 06.01.2021 № 273-63-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить дополнительный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Иртышского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Иртышского районного маслихата по бюджету, социальной политике и законности.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной сессии И. Айтимбетова
      Секретарь районного маслихата Б. Шингисов

  Утвержден
решением Иртышского
районного маслихата
от 5 сентября 2016 года
№ 22-5-6

Дополнительный порядок проведения мирных собраний,
митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Иртышского района

      1. Дополнительный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Иртышского района (далее - Дополнительный порядок) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан".

      2. Для проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в государственное учреждение "Аппарат акима Иртышского района" (далее -аппарат акима Иртышского района).

      3. Заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.

      4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее, чем за 10 дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в аппарате акима Иртышского района.

      5. Аппарат акима Иртышского района рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее, чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.

      6. В случае несоблюдения требований пункта 4 настоящего Дополнительного порядка при подаче заявления о проведении мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций аппаратом акима Иртышского района дается официальный ответ с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.

      7. Аппарат акима Иртышского района в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением иные время и место проведения мероприятия. Решение может быть обжаловано в порядке, установленном действующим законодательством.

      8. В случаях, когда получен отказ аппарата акима Иртышского района в разрешении митинга, шествия, пикета и демонстрации или когда состоялось решение о его запрещении, организаторы обязаны незамедлительно принять меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.

      9. Местом проведения митингов и собраний на территории Иртышского района определить следующие места:

      а) село Иртышск, центральный стадион;

      б) село Иртышск, площадь на пересечении улиц Чайковского и Искакова.

      10. Для проведения шествий и демонстраций на территории Иртышского района определить следующие маршруты:

      а) по улице Искакова от пересечения с улицей Чайковского до пересечения с улицей Фрунзе села Иртышск;

      б) по улице Карел-Полка от пересечения с улицей Исы Байзакова до пересечения с улицей Куанышева села Иртышск.

      11. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.

      12. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники обязаны соблюдать общественный порядок.

      13. Организаторам и участникам мероприятия запрещается:

      1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;

      2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

      3) устанавливать юрты, палатки, иные временные сооружения без согласования с аппаратом акима Иртышского района;

      4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

      5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      6) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий.

      14. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации не допускается:

      1) распитие спиртных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров;

      2) использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио и видео);

      3) публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, а также оскорблений в адрес кого бы то ни было.

      15. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и обусловленном месте.

      16. При пикетировании разрешается:

      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;

      2) использовать средства наглядной агитации;

      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

      17. В случае изменения проведения пикета на иную форму (митинг, собрание, шествие, демонстрацию) требуется получение в установленном порядке разрешения аппарата акима Иртышского района.

      Аппарат акима Иртышского района может разрешить проведение в один и тот же день и время на одном и том же объекте не более трех одиночных пикетов.

      Участники различных одиночных пикетов должны располагаться относительно друг друга на расстоянии не менее 50 метров или быть в пределах прямой видимости.

      18. Аппарат акима Иртышского района запрещает митинг, собрание, шествие, пикет или демонстрацию, если целью их проведения является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан.

      19. Не допускается проведение массовых мероприятий у организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения (общественный транспорт, снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями) и учреждений здравоохранения и образования.

      20. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть безусловно прекращены по требованию представителя аппарата акима Иртышского района, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.

      21. В случае отказа от выполнения законных требований представителя аппарата акима Иртышского района, по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

      22. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      23. Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законом порядке.

      24. Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещаются их организаторами.