"Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 қазандағы № 33/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қарашада № 5277 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 199/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 08.04.2019 № 199/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Әбетжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Мүсінова

  Лебяжі аудандық мәслихатының
2016 жылғы 17 қазандағы
№ 33/8 шешімімен
бекітілген

"Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру
Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін

      1. Осы "Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және "Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің "Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Куәлік бір түрде жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.

      4. Куәлік Лебяжі аудандық мәслихаты хатшысының қолымен белгіленген тәртіпте беріледі.

      5. Куәлік лауазымға тағайындаған, ауыстырған (қайта тағайындаған), бүлінген, жоғалған, алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті бұйрықтың шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

      7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

      8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын Лебяжі ауданы мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.

      9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, Лебяжі ауданы мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.

      10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде Лебяжі ауданы мәслихат аппаратының басшысына хабарлайды.

      11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактіні Лебяжі ауданы мәслихат аппаратының басшысы белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысынан қарайды.

      13. Көк түсті жасанды теріден жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" деген типографиялық шрифтегі жазбасы мемлекеттік және орыс тілінде болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x200 миллиметр болады. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жақ бұрыштың сол жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті. Сол жақ бұрыштың оң жағында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы мемлекеттік және орыс тілінде көрсетіледі. Сол жақ төменгі тарапында куәліктің берілген күні мен қолданыс мерзімі мемлекеттік және орыс тілінде көрсетіледі.

      14. Куәліктер Лебяжі аудандық мәслихатының хатшысы қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  "Лебяжі аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесі қызметтік
куәлігін беру Қағадалары және
оның сипаттамасына
1 қосымша
  Нысан

"Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәлік №

Беру күні

Қызметтік куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсыру күні

Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы




































      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  "Лебяжі аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесі қызметтік
куәлігін беру Қағадалары және
оның сипаттамасына
2 қосымша
  Нысан

      Ұйымның атауы

      ________________                  АКТІ № ______            ________

      жасалу орны      күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), қызметтік куәлікті беру қағидаларының 9-тармағының негізінде "Лебяжі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            Лауазымның атауы            Қолы

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            Лауазымның атауы            Қолы

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            Лауазымның атауы            Қолы

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Лебяжинского района" и его описание

Решение маслихата Лебяжинского района Павлодарской области от 17 октября 2016 года № 33/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 25 ноября 2016 года № 5277. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 8 апреля 2019 года № 199/39 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 08.04.2019 № 199/39 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 статьей 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Лебяжинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Лебяжинского района" и его описание.

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по экономике и бюджетной политике, законности и защите прав человека.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Д. Абетжанов
      Секретарь районного маслихата С. Мусинова

  Утверждены
решением Лебяжинского
районного маслихата
от 17 октября 2016 года № 33/8

Правила
выдачи служебного удостоверения государственного учреждения
"Аппарат маслихата Лебяжинского района" и его описание

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Лебяжинского района" и его описание (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяет порядок выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Лебяжинского района" и его описание.

      2. Служебное удостоверение (далее – удостоверение) является официальным документом, подтверждающим занимаемую административным государственным служащим должность в государственном учреждении "Аппарат маслихата Лебяжинского района".

      3. Удостоверения предусмотрены одного вида в переплете из искусственной кожи.

      4. Удостоверение выдается в установленном порядке за подписью секретаря Лебяжинского районного маслихата.

      5. Удостоверения выдаются при назначении на должность, перемещении (переназначении), порче, утере, по истечении срока действия ранее выданного удостоверения.

      6. При освобождении от занимаемой должности, увольнении, перемещении (переназначении), работники, в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего распоряжения сдают удостоверения по месту его получения.

      7. Учет выдачи и возврата удостоверений осуществляется в журналах выдачи и возврата удостоверений, которые пронумеровываются и прошнуровываются по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      8. Учет выдачи и возврата удостоверений ведется руководителем аппарата Лебяжинского районного маслихата.

      9. Списание и уничтожение удостоверений производится руководителем аппарата Лебяжинского районного маслихата с составлением акта на списание и уничтожение удостоверений по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      10. В случае утраты или порчи удостоверения работник в течение трех рабочих дней в письменной форме сообщает руководителю Лебяжинского районного маслихата.

      11. Лицо, утерявшее удостоверение, направляет на опубликование в средствах массовой информации информацию о недействительности утерянного удостоверения.

      12. По каждому факту утери, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи служебного удостоверения другим лицам, использования служебного удостоверения в личных внеслужебных целях, руководитель аппарата Лебяжинского районного маслихата в установленном порядке рассматривается необходимость проведения служебного расследования.

      13. Обложка удостоверения в переплете из искусственной кожи синего цвета с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и надписью "Аппарат маслихата Лебяжинского района" на государственном и русском языках. В развернутом виде удостоверение имеет размер 65x200 миллиметра. Левая и правая внутренняя часть выполнена в голубом цвете с изображением парящего орла под солнцем на фоне тангирной сетки установленного образца. Слева в левом углу изображение Государственного Герба Республики Казахстан. Справа в левом углу место для фотографии. В верхней части с двух сторон печатается надпись государственное учреждение "Аппарат маслихата Лебяжинского района" на государственном и русском языках, по ниспадающей указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность на государственном и русском языках. В левой нижней стороне дата выдачи и срок действия удостоверения на государственном и русском языках.

      14. Удостоверения заверяются подписью секретаря Лебяжинского районного маслихата и скрепляются оттиском гербовой печати.

  Приложение 1
к Правилам выдачи служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат маслихата
Лебяжинского района"
и его описанию
  Форма

Журнал
выдачи, возврата служебных удостоверений государственного учреждения
"Аппарат маслихата Лебяжинского района"

Фамилия имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

№ Удостоверения

Дата выдачи

Роспись работника кому выдано служебное удостоверение

Дата возврата

Роспись работника, кто сдал удостоверение




































      Примечание: журнал должен быть прошнурован, пронумерован.

  Приложение 2
к Правилам выдачи служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат маслихата
Лебяжинского района"
и его описанию
  Форма

      Наименование организации

      АКТ

      __________________             ________                  № ________

      места составления                   дата

      Мы, нижеподписавшиеся, (не менее 3 работников, указать фамилию, имя, отчество (при наличии), занимаемую должность), составили настоящий по списанию и уничтожению служебных удостоверений работников государственного учреждения "Аппарат маслихата Лебяжинского района" на основании пункта 9 Правил выдачи служебного удостоверения, в связи с увольнением, переводом на другую должность.

      Составили настоящий акт по их списанию и уничтожению

      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      Наименование должности      Подпись

      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      Наименование должности      Подпись

      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      Наименование должности      Подпись