"Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 45/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 5011 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 127/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 03.07.2017 № 127/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ысқақова

  Май ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "04" наурыздағы
№ 45/3 қаулысымен
бекітілді

"Май ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджетті орындау, бухгалтерлік есепті және мүлікпен жекешелендіруге мемлекет құқығын жүзеге асыру және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есептілікті жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140800, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Қазбек-би көшесі, 25.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел финансов Майского района".
      11. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
      "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00 - 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      12. Мемлекет Май ауданының әкімдігі тұлғасында "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және Май ауданының коммуналдық меншікті тиімді басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудан бюджетінің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету және коммуналдық меншік объектілерін қолдану жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      18. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні аудан деңгейінде бюджетті атқару және коммуналдық меншікті тиімді басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      19. Негізгі міндеттері:
      1) Май ауданы әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және қаржы саясатты іске асыру;
      2) аудан бюджетінің атқарылуы, аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу;
      3) мемлекеттік сатып алулар бойынша мониторинг жүргізу;
      4) коммуналдық меншікті есептеу және қолдану тиімділігін арттыру;
      5) материалдық-техникалық базаны дамыту және нығайту.
      20. Функциялары:
      1) ауданның түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуын жүзеге асырады;
      2) ауданның сратегиялық жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша атқарушы органдардың қызметінің үйлестірілуін жүзеге асырады;
      3) аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп және есеп беру жүргізеді;
      4) бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
      5) аудандық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, оның атқарылуы туралы есепті дайындайды;
      6) ауданның мемлекеттік мекемелерімен ақшалай қаражатты қолдану тиімділігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады;
      7) жергілікті бюджетті атқару үрдісін жетілдіреді, бюджеттік бағдарламалау тәсілін, бюджеттік бағдарламаларды бағалау тиімділігін енгізеді;
      8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттің түсімдер мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
      9) аудан бюджетінің атқарылуына әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
      10) аудандық бюджет қаражаттарының пайдаланылуына талдау жүргізеді;
      11) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      12) аудан әкімдігінің резервтегі қаражаттарының пайдаланылуына талдау және есеп жүргізеді;
      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын қолдану бойынша ауданы әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;
      14) "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкіміне және аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындайды;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсімдердің уақытылы және толық есепке алуын қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды өткізеді;
      16) өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілердің жобаларын белгіленген тәртіпте әзірлейді;
      17) Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын тәртіпте мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;
      18) аудандық комуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
      19) жекешелендіруге жататын, аудандық комуналдық меншіктегі объектілердің тізімдерін бекіту жөніндегі аудан әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлейді;
      20) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурстарды өткізеді;
      21) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
      22) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдердің жобаларын әзірлейді;
      23) мемлекеттік мүлікті бір түрінен екінші түріне беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      24) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      25) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
      26) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
      27) сенімгерлік басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      28) аудандық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, оны тиімді қолдануын қамтамасыз етеді;
      29) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      30) аудан әкімдігінің акциясына тиесілі дивиденттердің толық және уақытылы төленуін, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестері арасында аудан әкімдігінің жарғылық капитал үлес бөлігін реттеуге бақылауды жүзеге асырады;
      31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз етеді;
      32) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды, оның халықаралық беделін бекітеді;
      33) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарастыруына Май ауданының комуналдық меншікті тиімді басқаруына және бюджетті атқаруды қамтамасыз ету саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      3) "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
      4) аудан бюджетінің қаражатын тиімді пайдалануға бақылау жүргізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара әрекеттеседі.

3. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      23. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      25. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      7) "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
      10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастар қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      27. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.
      29. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
      30. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      32. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      33. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел финансов Майского района"

Постановление акимата Майского района Павлодарской области от 04 марта 2016 года № 45/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 24 марта 2016 года № 5011. Утратило силу постановлением акимата Майского района Павлодарской области от 3 июля 2017 года № 127/7 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Майского района Павлодарской области от 03.07.2017 № 127/7 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Майского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел финансов Майского района" (далее - Положение).
      2. Государственному учреждению "Отдел финансов Майского района" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию Положения в органах юстиции.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на курирующего заместителя акима района.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Искакова

  Утверждено
постановлением акимата
Майского района
от "04" марта 2016 года № 45/3

Положение о государственном учреждении
"Отдел финансов Майского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере исполнения бюджета, ведение бухгалтерского учета и бюджетной отчетности по исполнению местного бюджета и реализация прав государства на коммунальное имущества и приватизации.
      2. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" ведомств не имеет.
      3. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел финансов Майского района".
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение государственного учреждения "Отдел финансов Майского района": Республика Казахстан, Павлодарская область, 140800, Майский район, село Коктобе, улица Казбек-би, 25.
      10. Полное наименование государственного учреждения - "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел финансов Майского района".
      11. Режим работы государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.
      Режим работы государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" устанавливается в следующем порядке: с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов при пятидневной рабочей неделе, выходные дни: суббота - воскресенье.
      12. Учредителем государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" является государство в лице акимата Майского района.
      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел финансов Майского района".
      14. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" осуществляется из местного бюджета.
      15. Государственному учреждению "Отдел финансов Майского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел финансов Майского района".

2. Миссия, цель, предмет деятельности, основные задачи,
функции, права и обязанности государственного
учреждения "Отдел финансов Майского района"

      16. Миссия государственного учреждения "Отдел финансов Майского района": реализация государственной политики по обеспечению исполнения бюджета и эффективному управлению коммунальной собственностью Майского района.
      17. Целью государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" является проведение государственной политики по обеспечению своевременного исполнения бюджета района и использованию объектов коммунальной собственности.
      18. Предметом деятельности государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" является осуществление на уровне района государственной политики по обеспечению исполнения бюджета и эффективному управлению коммунальной собственностью.
      19. Основные задачи:
      1) реализация государственной социально-экономической и финансовой политики путем координации деятельности исполнительных органов акимата Майского района;
      2) исполнение районного бюджета, ведение бюджетного учета и отчетности по исполнению районного бюджета;
      3) ведение мониторинга по государственным закупкам;
      4) учет и повышение эффективности использования коммунальной собственности;
      5) развитие и укрепление материально-технической базы.
      20. Функции:
      1) осуществляет исполнение бюджета по поступлениям района;
      2) осуществляет координацию деятельности исполнительных органов района по разработке и реализации стратегических планов района;
      3) ведет бюджетный учет и отчетность по исполнению бюджета района;
      4) координирует деятельность администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;
      5) обеспечивает исполнение районного бюджета, подготавливает отчет об его исполнении;
      6) осуществляет меры по повышению эффективности расходования денежных средств государственными учреждениями района;
      7) совершенствует процесс исполнения местного бюджета, внедряет метод бюджетного программирования, оценки эффективности бюджетных программ;
      8) составляет, утверждает и ведет сводный план финансирования по обязательствам, сводный план поступлений и финансирования по платежам местного бюджета;
      9) осуществляет методологическое руководство исполнения районного бюджета;
      10) проводит анализ использования средств районного бюджета;
      11) осуществляет бюджетный мониторинг;
      12) ведет учет и анализ использования средств резерва акимата района;
      13) координирует деятельность исполнительных органов акимата района по применению законодательства Республики Казахстан о государственных закупках;
      14) подготавливает материалы на заседания акимата района и акиму района по вопросам, касающихся деятельности государственного учреждения "Отдел финансов Майского района";
      15) проводит в соответствии с законодательством Республики Казахстан комплекс мероприятий по обеспечению полноты и своевременности зачисления поступлений в бюджет;
      16) в установленном порядке разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом в пределах своей компетенции;
      17) ведет реестр государственного имущества в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, и предоставляет информацию пользователям реестра государственного имущества;
      18) управляет районным коммунальным имуществом, осуществляет меры по его защите;
      19) разрабатывает проекты актов акимата района об утверждении перечней объектов районной коммунальной собственности, подлежащих приватизации;
      20) проводит конкурсы в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" по определению периодического печатного издания для опубликования извещения о проведении торгов по приватизации районного коммунального имущества;
      21) предоставляет районное коммунальное имущество в имущественный наем (аренду), безвозмездное пользование, доверительное управление, передаче в концессию физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, с правом последующего выкупа или с правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе;
      22) разрабатывает проекты решений об использовании районного коммунального имущества, в том числе о передаче его в залог, имущественный наем (аренду), безвозмездное пользование и доверительное управление;
      23) организует работу по передаче государственного имущества из одного вида собственности в другой;
      24) обеспечивает контроль за использованием и сохранностью районного коммунального имущества;
      25) закрепляет районное коммунальное имущество за районными коммунальными юридическими лицами;
      26) организует учет, хранение, оценку и дальнейшее использование районного коммунального имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, бесхозяйным, перешедшего государству по праву наследования, а также выморочного имущества, находок, безнадзорных животных, безвозмездно перешедших в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в коммунальную собственность, доли кладов, не содержащих вещей, относящихся к культурным ценностям;
      27) осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления районным коммунальным имуществом;
      28) организует учет районного коммунального имущества, обеспечивает его эффективное использование;
      29) осуществляет приватизацию районного коммунального имущества, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и проводит контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;
      30) осуществляет контроль за своевременностью и полнотой начисления дивидендов на принадлежащие акимату района акции и их выплаты, а также за распределением чистого дохода между участниками товарищества с ограниченной ответственностью, доля участия в уставном капитале которого принадлежит акимату района;
      31) обеспечивает в установленном законодательством Республики Казахстан порядке рассмотрение обращений физических и юридических лиц, служебных документов;
      32) принимает меры, направленные на всемерное развитие государственного языка, укрепляет его международный авторитет;
      33) осуществляет иные функции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      21. Права и обязанности:
      1) вносить на рассмотрение акимата, акима района и в вышестоящие организации предложения по основным направлениям развития, оперативному решению проблем в сфере обеспечения исполнения бюджета и эффективному управлению коммунальной собственностью Майского района;
      2) в установленном законодательством порядке, запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов, органов местного самоуправления и иных организаций;
      3) проводить совещания по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел финансов Майского района";
      4) осуществлять контроль за эффективностью использования средств районного бюджета;
      5) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Для выполнения полномочий государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" взаимодействует с другими исполнительными органами, организациями и предприятиями района.

3. Организация деятельности государственного
учреждения "Отдел финансов Майского района"

      22. Руководство государственным учреждением "Отдел финансов Майского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" задач и осуществление им своих функций.
      23. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом района в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      24. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" не имеет заместителей.
      25. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел финансов Майского района":
      1) представляет на утверждение акимата района Положение о государственном учреждении "Отдел финансов Майского района";
      2) назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      3) издает приказы и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками государственного учреждения "Отдел финансов Майского района";
      4) осуществляет личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      5) утверждает должностные инструкции работников;
      6) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, поощрение работников государственного учреждения "Отдел финансов Майского района", оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взысканий;
      7) утверждает перспективные и текущие планы работы государственного учреждения "Отдел финансов Майского района";
      8) представляет государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" во всех государственных органах и иных организациях, независимо от форм собственности, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      9) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      10) заключает договоры, соглашения в пределах своей компетенции;
      11) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      26. Взаимоотношения между государственным учреждением "Отдел финансов Майского района" и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.
      27. Взаимоотношения между государственным учреждением "Отдел финансов Майского района" и трудовым коллективом определяются в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.

4. Имущество государственного учреждения
"Отдел финансов Майского района"

      28. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      29. Имущество государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      30. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел финансов Майского района", относится к коммунальной собственности района.
      31. Государственное учреждение "Отдел финансов Майского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение (ликвидация) государственного
учреждения "Отдел финансов Майского района"

      32. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      33. При ликвидации государственного учреждения "Отдел финансов Майского района" имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в районной коммунальной собственности.