Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 5/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірде № 5056 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 шілдедегі № 255/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 16.07.2020 № 255/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10–бабына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 196/56 "Шарбақты ауданының елді мекендері аумағында жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізуге қосымша регламенттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4416 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі ауданның "Маралды" газетінде, 2015 жылғы 16 сәуірдегі ауданның "Трибуна" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Ибрагимова
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2016 жылғы
4 сәуірдегі № 5/2 шешімімен
бекітілген

Шарбақты ауданы аумағында бейбiт
жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібі

      1. Шарбақты ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі (бұдан әрі – Қосымша тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін Шарбақты ауданы әкімінің аппаратына өтініш беріледі.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi Шарбақты ауданы әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      5. Шарбақты ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4 тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Шарбақты ауданы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жаңа өтініш берген кезде жою туралы ресми түрде ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.

      7. Шарбақты ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жерін ұсынады.

      8. Егер, Шарбақты ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғанын міндетті түрде хабарлауы қажет.

      9. Шарбақты ауданы аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:

      а) Шарбақты ауылы, Орталық алаң;

      б) Шарбақты ауылы, Мәдениет үйі алдындағы алаң.

      10. Шарбақты ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:

      а) Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесімен, Малайсары тархан көшесінен Чкалов көшесіне дейін;

      б) Шарбақты ауылы, 1 Май көшесімен, Алимбаев көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 28.12.2017 № 116/33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      12. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      13. Шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға тыйым салынатын іс-шаралар:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Шарбақты ауданы әкімінің аппараты рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      6) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады;

      7) алкогольдік және есірткілік масаңдық күйде қатысуына.

      14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды өткізу орындарында алкогольді ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың аналогтары мен прекурсорларын қолдануға, транспоранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекті, аудио және видео) пайдалануға, құрамында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай-ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынады.

      15. Пикеттер белгіленген кезендерде және өтініште көрсетілген нақты орнында міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.

      16. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:

      1) пикеттірілген объектіде тұру немесе отыру;

      2) көрнекті үгіт құралдарын пайдалану;

      3) пикет тақырыбына байланысты қысқа ұрандар айту.

      17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Шарбақты ауданы әкімі аппаратынан рұқсат алу қажет.

      Шарбақты ауданы әкімінің аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

      18. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Шарбақты ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.

      19. Қорғаныс қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен) денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында бұқаралық шараларды өткiзуге тыйым салынады.

      20. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Шарбақты ауданы әкімі аппараты өкілінің талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.

      21. Шарбақты ауданы әкімі аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажетті шаралар қолданады.

      22. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      23. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиiс.

      24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 4 апреля 2016 года № 5/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 11 апреля 2016 года № 5056. Утратило силу решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 16 июля 2020 года № 255/77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 16.07.2020 № 255/77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить дополнительный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Щербактинского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Щербактинского районного маслихата от 10 марта 2015 года № 196/56 "О дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории населенных пунктов Щербактинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4416, опубликованное 16 апреля 2015 года в районной газете "Маралды", 16 апреля 2015 года в районной газете "Трибуна").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Щербактинского районного маслихата по вопросам законности и социальной политики.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии К. Ибрагимова
      Секретарь районного маслихата С. Шпехт

  Утвержден
решением Щербактинского
районного маслихата
от 4 апреля 2016 года № 5/2

Дополнительный порядок проведения мирных
собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
на территории Щербактинского района

      1. Дополнительный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Щербактинского района (далее – Дополнительный порядок) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан".

      2. Для проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в аппарат акима Щербактинского района.

      3. Заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.

      4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее, чем за 10 дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, места их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в аппарате акима Щербактинского района.

      5. Аппарат акима Щербактинского района рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее, чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.

      6. В случае не соблюдения требований пункта 4 настоящего Дополнительного порядка при подаче заявления о проведении мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций аппаратом акима Щербактинского района дается официальный ответ с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.

      7. Аппарат акима Щербактинского района в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением альтернативные места проведения мероприятия.

      8. В случаях, когда получен отказ аппарата акима Щербактинского района в разрешении митинга, шествия, пикета и демонстрации или когда состоялось решение о его запрещении, организаторы обязаны незамедлительно принять меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.

      9. Местом проведения митингов и собраний на территории Щербактинского района определить следующие места:

      а) село Шарбакты, Центральная площадь;

      б) село Шарбакты, площадь перед Районным домом культуры.

      10. Для проведения шествий и демонстраций на территории Щербактинского района определить следующие маршруты:

      а) село Шарбакты, по улице Тәуелсіздік, от улицы Малайсары тархана до улицы Чкалова;

      б) село Шарбакты, по улице 1 Мая, от улицы Алимбаева до улицы Тәуелсіздік.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции решения маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 28.12.2017 № 116/33 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.

      12. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники обязаны соблюдать общественный порядок.

      13. Организаторам и участникам мероприятия запрещается:

      1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;

      2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

      3) устанавливать юрты, палатки, иные временные сооружения без согласования с аппаратом акима Щербактинского района;

      4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

      5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      6) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий;

      7) участие в состоянии алкогольного и наркотического опьянения.

      14. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации не допускается распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров, использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио и видео), публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, а также оскорблений в адрес кого бы то ни было.

      15. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и обусловленном месте.

      16. При пикетировании разрешается:

      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;

      2) использовать средства наглядной агитации;

      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

      17. В случае изменения проведения пикета на иную форму (митинг, собрание, шествие, демонстрацию) требуется получение в установленном порядке разрешения аппарата акима Щербактинского района.

      Аппарат акима Щербактинского района может разрешить проведение в один и тот же день и время на одном и том же объекте не более 3 одиночных пикетов.

      Участники различных одиночных пикетов должны располагаться относительно друг друга на расстоянии не менее 50 метров или быть в пределах прямой видимости.

      18. Аппарат акима Щербактинского района запрещает проведения митинга, собрания, шествия, пикета или демонстрации, если целью их является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан.

      19. Не допускается проведение массовых мероприятий у организаций, обеспечивающих обороноспособность, жизнедеятельность населения (снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), учреждений здравоохранения и образования.

      20. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть безусловно прекращены по требованию представителя аппарата акима Щербактинского района, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.

      21. В случае отказа от выполнения законных требований представителя аппарата акима Щербактинского района, по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

      22. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      23. Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законом порядке.

      24. Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещаются их организаторами.