Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 25.07.2019 № 242/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 72/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 наурызда № 5022 болып тіркелді, 2016 жылғы 7 сәуірдегі ауданның № 14 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "6" сәуірдегі № 99/2 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
№ р/с | Атауы |
1 | Аудандық атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламарының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар |