Алматы қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 4/543 және Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 51 бірлескен қаулысы және шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қарашада № 1329 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 29 тамыздағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Төмендегі көшелердің атаулары:
      Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:
      "Көкқайнар" шағын ауданындағы Абай көшесі - Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;
      "Әйгерім - 1, 2" шағын ауданындағы Ленин көшесі - Василий Бенберин көшесі;
      Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:
      Левон Мирзоян көшесі - Шапық Шөкин көшесі;
      Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:
      8-линия көшесі - Ербол Сыпатаев көшесі;
      Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:
      "Көктөбе" шағын ауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі - Роза Бағланова көшесі;
      Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:
      "Қалқаман - 2" шағын ауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі - Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталсын.
      2. Алматы қаласы Алатау, Алмалы, Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарының әкімдері, "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы", "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы", "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы қаулы мен шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).
      5. Осы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
      VІ сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      Х сессиясының төрайымы Р. Бадаева
      VІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев

О переименовании некоторых улиц города Алматы

Решение Х-й сессии маслихата города Алматы VI-го созыва от 15 ноября 2016 года N 51 и постановление акимата города Алматы от 16 ноября 2016 года N 4/543. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 28 ноября 2016 года № 1329

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", учитывая мнение населения города Алматы, на основании заключений ономастической комиссии города Алматы от 29 августа 2016 года и Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан от 23 сентября 2016 года, акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат города Алматы VІ-го созыва РЕШИЛ:
      1. Переименовать:
      по Алатаускому району города Алматы:
      в микрорайоне "Коккайнар" улицу Абая - в улицу Азербайжан Мамбетова;
      в микрорайоне "Айгерим - 1, 2" улицу Ленина - в улицу Василия Бенберина;
      по Алмалинскому району города Алматы:
      улицу Левона Мирзояна - в улицу Шафик Чокина;
      по Бостандыкскому району города Алматы:
      улицу 8-линия - в улицу Ербола Сыпатаева;
      по Медеускому району города Алматы:
      в микрорайоне "Коктобе" улицу Жамбыла Жабаева - в улицу Розы Баглановой;
      по Наурызбайскому району города Алматы:
      в микрорайоне "Калкаман - 2" улицу Мухтара Ауэзова - в улицу Байкена Ашимова.
      2. Акимам Алатауского, Алмалинского, Бостандыкского, Медеуского, Наурызбайского районов города Алматы, коммунальным государственным учреждениям "Управление экономики и бюджетного планирования города Алматы", "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Алматы", "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы" принять необходимые меры по реализации настоящего постановления и решения.
      3. Аппарату маслихата города Алматы обеспечить размещение настоящего постановления и решения на интернет-ресурсе.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления и решения маслихата возложить на председателя постоянной комиссии по социально-культурному развитию маслихата города Алматы Х. Есенову и заместителя акима города Алматы А. Кырыкбаева (по согласованию).
      5. Настоящее постановление акимата и решение маслихата города Алматы вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Алматы Б. Байбек
      Председатель Х-й сессии
маслихата города Алматы
VІ-го созыва
Р. Бадаева
      Секретарь маслихата города
Алматы VІ-го созыва
К. Казанбаев