1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 110 қаулысына (Номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2776 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда № 23 аудандық "Колос" газетіне, 2014 жылғы 22 мамырда № 23 аудандық "Аққайың" газетіне жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда Ережелерінің 102 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің м.а. |
Е.А. Жақыпов |