Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 18 бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Д. Байтөлешов |
"КЕЛІСІЛДІ" Аққайың ауданының мәслихатының хатшысы 2016 жылғы 18 сәуір |
С.Ө. Мұқанов |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылы 18 сәуірдегі № 100 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:дәрігер;
мейірбике;
емдәм бикесі.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің басшысы;
қариялар мен мүгедектерді күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
психоневрологиялық ауыратын 18 жастан үлкен мүгедек балаларды күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
арнайы әлеуметтік қызметінде қажеттілігімен бағалау бойынша анықтайтын әлеуметтік жұмысшы;
әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;
жұмыспен қамту орталығының басшысы;
жұмыспен қамту орталығы құрылым бөлімшесінің маманы.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
білім ұйымның мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысы;
білім ұйымның мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мұғалім;
социолог;
психолог;
тәрбиеші;
музыкалық жетекші;
мемлекеттік мекеме әдістемелік кабинетінің жетекшісі;
әдіскер;
шебер;
оқытушы;
вожатый;
кітапхана меңгерушісі;
шеберхана меңгерушісі.
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
кітапхананың меңгерушісі;
көркемдік жетекшесі;
әдіскер;
кітапханашы;
библиограф;
режиссер;
аккомпаниатор;
мәдени ұйымдастырушы;
хореограф.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
нұсқаушы;
шебер;
әдіскер;
жаттықтырушы.
6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
ветеринариялық стансаның басшысы;
ветеринариялық станса басшысының орынбасары
ветеринарлық дәрігер;
зертханашы;
ветеринарлық санитар;
ветеринарлық техник;
малды жасанды ұрықтандыру технигі;
тұқымдық ісі бойынша техник;
ұрықтандыру-техник;
ветеринарлық фельшер.