"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді) басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау Қағидасының 10 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарына субсидиялар алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін тізімге енгізуге өтініш беру мерзімідері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Ж.Т.Еслямовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 26 тамызынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі |
Е. Бекшенов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 222 қаулысына қосымша |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
* көк азыққа ** пішінге *** пішендемеге **** жасыл конвейерге