Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 15.06.2018 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шегіндегі Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 277 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 25 маусымдағы № 3284 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 3 шілдеде "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
"2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:"
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының ХLVІІІ сессиясының төрағасы |
А. Кершис |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы |
Қ. Шәріпов |