"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің Донецкое ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесінің қызметі төтенше жағдай режиміне енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 31 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Е.Иманслям |