Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округ әкімінің 31.08.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Тайынша ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2016 жылғы 10 маусымдағы № 14-29-139 ұсынысы негізінде Зеленогай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленый Гай ауылдық округінің Зеленый Гай ауылы "Тайынша Астық" ЖШС-нің аумағында орналасқан Абердин Ангус тұқымының ІҚМ табынға ірі қара малдың бруцеллезі жөнінде шектеу іс-шаралардың ветеринарлық тәртібі белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округі әкімінің 02.09.2016 № 9 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Шектеудің енгізілуімен ветеринариялық режим ошақты жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін өткізу уақытына белгіленеді.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 10 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Ауылдық округінің әкімі | Г. Батенова |