Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 25.05.2018 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпан № 52 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Тимирязевского района Северо-Казахстанской области".
11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
13. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
аудан аумағында еңбек қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бірыңғай мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
ауданда әлеуметтік серіктестікті, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын дамыту;
жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.
16. Функциялары:
жасалған ұжымдық шарттардың саны бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
әлеуметтік серіктестік мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады;
халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалар, іс-шаралар жобаларын дайындауға қатысады;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетеді;
үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
азаматтарды қабылдайды, жеке және заңды тұлғалардың бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерін, шағымдарын, үндеулерін қарастырады және олар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдайды;
кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты мемлекеттің қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі семинарлар, кеңестер, сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндірме жұмысын өткізеді;
қолданыстағы заңнамамен көзделген құзыретіне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
бiлiм беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білiм беру ұйымдарынан, білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдар жанындағы кәсіптік оқуды жүзеге асыратын оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәлiметтерді, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұрату;
жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрату;
мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін облыстың, ауданның жергілікті атқарушы органдарға, ауылдық округтерге ақпарат алу үшін сұрау жолдау;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі семинарлар, кеңестер, сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндірме жұмысын өткізу;
еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдайды және болжау жасайды және бұл туралы халыққа, жергілікті атқарушы органдарға ақпарат береді;
жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
20. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiктері:
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық жасайды және "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
белгіленген тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
қызметкерлерді көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
мемлекеттік қызмет туралы, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және тағы басқа заңнамалық актілердің сақталуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаржы қаражатын басқарады және бюджет қаражатын нысаналы жұмсалуына бақылауды қамтамасыз етеді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды;
өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының сақталуына дербес жауапты болады;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесінде басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіреді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз қызмет атқарады, мемлекеттік мекеме атынан бөлімнің басқа қызметкерлеріне "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесінде қандай да бір іс-әрекеттер жасауға өкілеттіктерді береді;
оған аудан әкімімен және аудан әкімінің осы сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарымен жүктелген басқа да функцияларды іске асырады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес басшының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Құрылтайшы және уәкілетті органы туралы мәліметтер
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі болып табылады.
Құрылтайшының орналасқан жері: 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 1.
Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
26. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қарсы болмауы тиіс.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.