"Қазақстан Республикасындағы жергелекті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына, 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындаған тиісті іс-шаралар жүргізу жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 8 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |